Ерліктің рухы өшпейді
Общество   13.05.2022   392
Екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесі қойылғанына биыл 77 жыл толды. Ұлы Отан деген қастерлі ұғымды жүрек төріне қондырып, ел мен жерді қорғауға қаһармандықпен аттанған қаншама боздақ майдан даласында шейіт болды. Елге оралған ардагерлер қатары да бүгінде бірен-саран. Жеңіс күнінде халқымыз сол ардагерлерге құрмет көрсетіп, қаза болғандардың рухына тағзым етті.
Ынтымақтың ырысы
Общество   14.05.2021   542
Жеңіс күніне орай текелілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Алматы облыстық Қоғамдық келісім орталығы құттықтап, ерлік пен еңбектің үлгісін танытқан жандарға құрмет көрсетті.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Общество   14.05.2021   400
9 мамырда текеліліктер Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста ерлікпен құрбан болған батырларды еске алды.
Ардагерлерге арналды
Общество   14.05.2021   495
«Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 286 тұрғын бар. Оның 56-ы мүмкіндігі шектеулі жан. Бүгінде аталған мекемеде 31 тыл ардагері мен соғыс ардагерінің жесірі тұрады. Жеңіс күні қарсаңында орталық тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Өшпес із, өлмес рух
Общество   06.05.2021   4480
Оқтай заулаған уақытта шек жоқ. Дүниені екі бүйірден қысқан індеттен іргені аулақ салудың амалын іздеп жүргенде кешігіп жеткен көктемнің соңғы айы да сусып өтіп бара жатқанын аңдамай қалғандаймыз. Тыныштығымызға тәубе деп, татулығымыздың тұнығын лайламай, бақ пен берекенің бағасын білген халқымыздың тарихтың қатпарында қалған нешеме қилы замандардың қай-қайсында да өр рухы сынған жоқ. Жеңісінің 76-көктеміне қадам басқан сұрапыл соғыста да қазақ елінің алдаспан ұлдары ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды батырлардың есімі әрдайым ел жадында.
Буынын еңбек қатырған
Общество   06.05.2021   547
Екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматы еш ұмытылмақ емес. Ұлы Жеңіске жету жолында майдан даласындағы жауынгерлермен бірге тылдағылардың да ерлігі ерен болғаны сөзсіз. Солардың бірі шаһарымызда тұратын Евдокия Коваленко.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.